Ел тынысы

Олжас Бектенов отандастарымызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Құрметті отандастар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылықтар және ол мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала беретінін әрдайым атап өтуде.

Бұл күн – еліміздегі ұлт пен ұлыстар арасындағы татулық пен өзара сыйластықтың, сан алуан мәдениет пен дәстүр жарасым тапқан берекелі бірліктің айқын көрінісі.

Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылық – біздің ең басты қазынамыздың бірі әрі орнықты дамудың берік негізі.

Еліміз кез келген сын-қатерді бірлесіп еңсеріп, ортақ мақсаттарға ұмтылу арқылы дамудың жаңа кезеңіне сеніммен қадам басып келеді. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған тарихи таңдау.

Дәл осы қағида Қазақстанның тұрақтылығы мен орнықты дамуының кепілі болмақ.

Айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, әр шаңыраққа құт-береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!», — деді ол.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button