Құқық

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында елорда прокуратурасы мектеп оқушыларына дәріс өткізді

№57 орта мектепте қала прокуратурасының қызметкерлерінің қатысуымен арнайы профилактикалық дәріс өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Кездесу өмірлік жағдайларды модельдеу элементтері бар интерактивті форматта ұйымдастырылды. Қатысушылар ұйымдастырушылармен бірге түрлі әрекеттердің ықтимал құқықтық салдарын талқылап, оларға құқықтық баға берді.

Дәріс барысында қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс ережелері, сондай-ақ жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар – алаяқтық дропперлік, есірткі қылмыстары және басқа да қылмыстық әрекеттер үшін заңды жауапкершілік түрлері түсіндірілді. Сонымен бірге, рөлдік ойындар өткізілді, олардың барысында мектеп оқушылары ойын қатысушылардың әрекеттерін өздері бағалап, заңдық сауаттылығын көрсетті.

Іс-шарамен 8-9 сыныптардың 30 оқушысы қамтылды.

Мұғалімдердің ерекше бақылауындағы, сондай-ақ қосымша құқықтық қолдауды қажет ететін жасөспірімдермен жұмысқа айрықша назар аударылды.

«Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жасөспірімдердің қылмыстық схемаларға тартылу қаупін төмендету, қылмыстарға деген төзбеушілік қалыптастыру. Қала прокуратурасы білім беру мекемелеріндегі профилактикалық жұмыс кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың негізгі құралы екенін атап өтеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button