Елорда тынысы
Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Абай даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Астанада Абай даңғылының Республика даңғылынан Ә.Сембинов көшесіне дейінгі аралығында орташа жол жөндеу жүргізіледі.
Осыған байланысты, 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.



