Елорда тынысы

Ағалар ерлігі – ұлағат

Елордада «Астана» концерт залында «Ағалар ерлігі – ұрпаққа ұлағат» атты әскери-патриоттық акция өтті. Әскери борышын өтеушілер Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Құрлықтық әскери қызметіне аттанады. Іс-шараға қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов бастаған ардагерлер, елге еңбек сіңірген зейнеткерлер қатысты. «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері мен студенттер көрермен залын толтырды. 1200-ден астам мектеп оқушылары қамтылды.

Жауынгерлік отансүйгіштік акция концерт залына ҚР Мемлекеттік Туының енгізілуімен басталып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Болашақ сарбаздарға арнап ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков сөз сөйлеп, әскери борышын орындап қайтқан сарбаздарға жоғары оқу орындарына түсуге арналған сертификаттарды табыс етті.

Салтанатты жиында сөз алған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев әскери қызмет кезінде орнықты мінездің қалыптасатынын, тәртіптің енгізілетінін, сондай-ақ сарбаздық қызмет жастар үшін әлеуметтік көтермелеу болатынын атап көрсетті. Сенатордың айтуынша, бүгінгі күнге дейін әскери борышын жақсы атқарған он мың жасөспірімге оқу гранттары берілген.

Бұдан кейін ҚР Қарулы Күштер ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, зейнеткер генерал-майор ­Марат Нағұманов Ұлы Отан соғысына аттанған Ақмола дивизиялары мен Ақмолалық қаһармандар жайлы баяндады. Сөз соңында бастауыш әскери дайындықта оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізетін ең үздік мұғалімдерге алғыс хаттар табыс етті.

 Раиса АҒЫБАЕВА,

Астана Ардагерлер кеңесі

медиа тобының төрайымы

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button