Астанадағы өндірістік кәсіпорындарға Ost-Ausschuss der Deutschen Wirtschaft өкілдері барды
№1 индустриялық парк аумағында орналасқан Электровоз құрастыру зауыты мен YDA көпсалалы зауытына Германияның Ost-Ausschuss der Deutschen Wirtschaft басқарушы директоры Михаэль Хармс бастаған делегация барды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шара Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының қолдауымен өтті.
Делегация құрамында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев, неміс тарапынан экономист Эдуард Кинсбрунер, Ost-Ausschuss ұйымының Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Владимир Никитенко және басқа да өкілдер болды.
Сапар барысында делегация мүшелері кәсіпорындардың жұмысымен танысып, өндірістік әлеуеті, жүзеге асырылып жатқан жобалары және өнеркәсіп саласындағы халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері жөнінде ақпарат алды.
Мұндай кездесулер өндірістік ынтымақтастықты нығайтуға, халықаралық іскерлік байланыстарды кеңейтуге және инвестициялық жобаларды дамытуға ықпал етеді.