«Жер ананың шағымы» тақырыбында экологиялық сот көрсетілімі өткізілді

Астанадағы Ы.Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясында оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, «Заң және тәртіп» қағидатын насихаттау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жер ананың шағымы» тақырыбында экологиялық сот көрсетілімі өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері түсіндіріліп, табиғатқа келтірілген зиянның салдары мен заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы насихатталды.
Сот көрсетіліміне Сарайшық ауданы прокуратурасының бөлім прокурорлары Сейдахмет Нұрсултан Мейрамбекұлы мен Себжанов Әміржан Жарасұлы қатысып, судья және прокурор рөлдерін атқарды. Оқушылар қорғаушы, куәгер, айыпталушы рөлдерінде қатысып, шартты істі қарастырды.
Іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін арттырып, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және табиғатқа ұқыпты қарауға ықпал етті.



