Құқық

Жастарды жалықтырмайтын жарыс

Наурызда бастау алған Student Games League студенттік спорттық грэпплинг турнирі жалғасын тапты. Бұл шара 2026–2028 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды, сондай-ақ «Астана – есірткісіз қала» іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іріктеу кезеңіне 8 жоғары оқу орнының командалары қатысты, оның ішінде Астана қаласының 7 университеті және Көкшетау қаласының 1 университеті бар. Қарқынды өткен «стенка на стенку» форматындағы командалық жарыстардың қорытындысы бойынша жартылай финалға Nazarbayev University, Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS), С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті өткен болатын.

— Student Games League турнирі студенттік спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастар арасында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында есірткіге қарсы тұрақты құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. Гранд-финал спортты, шоу элементтерін және заманауи студенттік мәдениетті біріктіретін ауқымды шараға айналып отыр. Осы шара онлайн форматта 2 000 000-нан астам қаралым жинаған босла, офлайн форматта 3 500-ден астам көрерменді қамтып отыр, -деді ТОО URG GROUP директоры Мырзахмет Мырзаханов.

Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button