Қазақстан – бақытты елдер қатарында

Жаһандық бақыт индексі рейтингінде Қазақстан өз позициясын айтарлықтай жақсартып, World Happiness Report 2026 есебінде 33-орынды иеленді. Бұл – елдің зерттеуге қатысқан бүкіл уақыт ішіндегі ең жоғары нәтижесі және бір жыл ішінде +10 сатыға көтерілуі.
Есеп жыл сайын БҰҰ, Оксфорд университеті және Gallup аналитика компаниясының қатысуымен жарияланып, өмір сапасын бағалауға арналған ең ірі жаһандық зерттеулердің бірі саналады. 2026 жылы рейтингке 147 ел енген, ал бағалау тұрғындардың өз өміріне берген бағасына негізделген. Қазақстан тізімде тек жоғарылап қана қоймай, Франция мен Сингапур сияқты дамыған бірқатар елді артта қалдырған. Есепке сәйкес, біздегі орташа өмірге қанағаттану деңгейі 6,633 балға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда өсім байқалған, ТМД және Орталық Азия мемлекеттері арасында бақыт деңгейі бойынша көшбасшы болып отыр. Ал жаһандық рейтингте көш басында бұрынғыша Финляндия тұр.



