Қала мен сала

Сенбіде тазалау акциялары өтеді

Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық айлығы жалғасуда, соның аясында елордада «Таза аула» абаттандыру іс-шаралары ұйымдастырылуда.  Осыған орай бүгін 18 сәуірде қалада аумақтарды тазалау акциялары өткізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Соның барысында аула аумақтарын санитарлық тазалау, қоқыс жинау, үй маңындағы учаскелерді, балалар мен спорт алаңдарын абаттандыру, ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі. Қала әкімдігі МИБ, бизнес өкілдерін, еріктілерді және барлық табиғатқа жанашыр тұрғындарды акцияға белсенді қатысуға және қалалық ортаны жақсартуға өз үлесін қосуға шақырады. Экологиялық айлық тазалық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және тұрғындардың аулалар мен қоғамдық кеңістіктердің жай-күйі үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Әрбір тұрғын мен ұйым қаланы жайлы және экологиялық таза ету арқылы көшелер мен аулаларды абаттандыруға үлес қоса алады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button