Ел тынысы

Бизнесті қолдауға бағытталды

Елордада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаевтың бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жиында кәсіпкерлікті дамыту және бизнеске арналған жаңа мүмкіндіктер талқыланды.

Бас қалада 268 мыңнан астам шағын және орта бизнес нысандары жұмыс істейді, олар елорда жалпы ішкі өнімінің 74,4%-ын қалыптастырады. 2025 жылдың 9 айында Астананың жалпы өңірлік өнімі 25%-ға өсті, негізгі капиталға салынған инвестициялар 31,3%-ға, өнеркәсіп өндірісі 36,3%-ға, құрылыс көлемі 37,2%-ға артты. Ауыл шаруашылығы шамамен екі есе өсті. Жаңа индустриялық парктер мен логистикалық орталықтардың іске қосылуы кәсіпкерлер үшін қосымша мүмкіндіктер ашуда.

«Астана – адами капитал, технологиялар және инвестициялар тартатын орталық. Біздің ортақ міндетіміз – осы әлеуетті толық ашу» деді өз сөзінде Қанат Шарлапаев.

Жиынға қатысушылар бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының жұмысы, инженерлік желілердің жүктемесін бөлу, нысандарды тіркеуге дейін техникалық паспорттарын дайындау, жер учаскелерінің конфигурациясын өзгертуге келісім беру және жеке балабақшалар үшін жердің мақсатты пайдалануын жеңілдете отырып өзгерту, индустриалды және логистикалық аймақтарға инвестиция тарту, жаңа индустриалды парктер мен аграрлық индустриалды аймақтарды іске қосу, кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алулар мен қаржыландыруға қолжетімділігі, әсіресе шағын және орта бизнес және жергілікті өнімдер мен қызметтердің өндірушілері үшін, сондай-ақ қалалық процестерді цифрландыру мәселелерін талқылады.

Кездесуде сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың көрмесі ұйымдастырылды. Онда отандық өндірушілердің азық-түлік өнімдерінен бастап қолөнер туындыларына дейін ұсынылды. Бұл жоба жергілікті бизнестің әлеуетін және оның өңірлік экономиканың дамуына қосатын үлесін көрсетеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button