«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» онкүндігі басталады
Ғылым күні қарсаңында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» және оның еншілес ұйымдары отандық аграрлық ғылым жетістіктерін кеңінен таныту, қазақстандық ғалымдардың еңбегін көрсету және ғылымға қызығушылықты арттыру мақсатында ғылым онкүндігін бастайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Оның шеңберінде еліміз бойынша жүзден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Олардың қатарында ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдер, семинарлар мен дәрістер, көрмелер мен тәжірибелік көрсетілімдер, ғалымдармен кездесулер, сондай-ақ тәжірибе алқаптарына экскурсиялар мен көшпелі іс-шаралар бар.
Қазақстанның барлық өңірлерін қамтиды. Оған мектеп оқушылары, студенттер, агробизнес өкілдері және барлық мүдделі азаматтар қатысады.
Бағдарлама «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» ресми сайтында — NASEC.kz — жарияланған.



