Әлеумет

Ерекше балалар ескерілді

Астана қаласының Нұра ауданында «Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне» арналған инклюзивті «Көңілді старт» жарысы өтті.

Ерекше балаларға арналған шараға 20 бала қатысты.

-Іс-шараның мақсаты – қоғамда аутизм туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау және инклюзивті спортты дамыту болатын. Бүгінгі күні сол үдеден шыға білдік. 20 ерекше бала қамтылып отыр. Ұйымдастырушы ретінде айтарым, ерекше балалар өздерін қоғамға қажетті сезініп, спорттық шараларда өте белсенділік танытады, -деді Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық – бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ менеджері Гүлнар Базарханова.

«Инклюзивті спорт» орталығында өткен шараға қатысушылар арасында көңілді эстафеталар, спорттық ойындар ұйымдастырылды. Айта кету керек, Астана қаласы бойынша 640 ерекше бала бар.

Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button