Астана GFCI рейтингінде 3 позицияға көтерілді

Астана GFCI қаржы орталықтарының жаһандық рейтингінде 3 позицияға көтеріліп, өңірдегі көшбасшылықты нығайтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
ЕО GFCI 39 кезекті шығарылымында Қазақстан астанасы әлемнің 120 қаржы орталығы арасында 65-орынға ие болды. Бұл ретте АХҚО үш жыл қатарынан Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірінде бірінші орынды сақтап келеді.
Индекстің ағымдағы шығарылымы қаржы орталықтарының жаһандық қабылдауының жалпы өзгерісін тіркейді. Осыған орай Астананың жоғары қарай ілгерілеуі оның халықаралық қаржы қоғамдастығы тарапынан танылуы мен сенімінің өсуін көрсетеді.
Сондай-ақ Астана топ-5 орталыққа кірді, олар респонденттердің пікірінше, алдағы 2-3 жылда аса маңызды рөл атқаратын болады.
GFCI рейтингі жылына екі рет жарияланады және әлемнің жетекші қаржы орталықтарының даму динамикасын көрсетеді. Ол негізгі халықаралық бағдарлардың бірі болып табылады және Қытайдың даму институты-CDI (Шэньчжэнь) мен Z/Yen Partners (Лондон) талдау орталығы арасындағы серіктестікте шығарылады.
Бағалау бизнес-ортаны, қаржы секторының даму деңгейін, инфрақұрылымды, адами капиталды және қалалардың беделін қамтитын кешенді талдау негізінде қалыптастырылады.



