
Жаңа Конституцияның толық мәтіні «Egemen Qazaqstan» газетінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов 10 сәуірге дейін Конституцияны жаппай таралыммен басып шығарып, мемлекеттік органдарға, білім беру, мәдениет ұйымдарына, кітапханалар мен сауда орындарына жеткізуді тапсырды.
Сондай-ақ 20 сәуірге дейін Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктеріне тиісті әдістемелік нұсқаулар мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеуді жүктеді.



