Ел тынысыСаясат

Жылу орталығындағы жиын

Жалпыұлттық коалиция өкілдері елордадағы №2 жылу электр орталығының ұжымымен кездесіп, жаңа ­Конституция жобасының негізгі бағыттары мен ­маңызын түсіндірді.

Жиынға Amanat партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы, жалпыұлттық ­коалицияның Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұхаммед Болысбек, Астана қаласы мәслихатының депутаты Қанат Естек, қоғам белсенділері Юсуп Келигов пен Нұржан Бия­қаев қатысты.

Кездесу барысында қоғам үшін маңызды саяси өзгерістер, азаматтардың құқығы мен мемлекеттік басқаруды жетілдіруге бағытталған бастамалар айтылды.

Мұхаммед Болысбек өз сөзінде конституциялық өзгерістердің қоғамдағы демократиялық үдеріс­терді нығайтуға бағытталғанын айтты.

«Жаңа Конституция жобасы – еліміздің саяси жүйесін жаңғыр­туға бағытталған маңызды құжат. Бұл өзгерістер азаматтардың құқығын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді» деді Мұхаммед Болысбек.

Астана қаласы мәслихатының депутаты Қанат Естек конституция­лық реформалардың жергілікті басқару жүйесін дамытудағы рөліне ­тоқталды.

«Конституциялық өзгерістер жергілікті өкілді органдардың мүмкіндігін кеңейтіп, қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді. Бұл – ашық әрі тиімді мемлекеттік басқаруға жасалған маңызды қадам» деді ол.

Қоғам белсенділері Юсуп Келигов пен Нұржан Бияқаев жаңа өзге­рістердің қоғамдық тұрақтылық пен азаматтық жауапкершілікті арттырудағы маңызы туралы айтты. Жиналғандарға жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен маңызы түсіндірілді. Кездесу барысында 2-ЖЭО қызметкерлері өз пікірлерін айтып, көкейдегі сұрақтарын қойды. Спикерлер барлық сауалға жа­уап беріп, ұсыныстар мен пікірлерді тыңдады. Айта кетейік, бүгінде №2 жылу электр орталығында 1100-ге жуық адам, жалпы «Астана-Энергия» АҚ-та 1800-ге жуық адам еңбек етеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button