Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Ж.Қыраубаев Шэньси провинциясы партия комитетінің Білім жөніндегі комитеті хатшысының орынбасары Цзи Инцюмен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылды тереңдетуге өзара мүдделілік танытатынын растады және білім беру мен гуманитарлық салалардағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беру туралы уағдаласты.
Дипломат қытай тарапын Қазақстан Республикасы Үкіметі жоғары білім беру саласында жүргізіп жатқан қазіргі реформалармен, сондай-ақ ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарымен егжей-тегжейлі таныстырды.
Тараптар білім беру гранттарын бөлу кезінде заманауи технологиялық бағыттарға айрықша назар аудару қажеттігі жөнінде келісімге келді. Сонымен қатар Қазақстан аумағында Шэньси провинциясының жетекші жоғары оқу орындарының бірлескен филиалдарын ашу мүмкіндігі талқыланды.
Бас консул сұхбаттасушыны 15 ү.ж. наурызда Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша Ұлттық референдум өткізілетіні туралы да хабардар етті. Жаңа Конституция жобасында көзделген негізгі конституциялық өзгерістер жеткізіліп, ұсынылып отырған реформа Қазақстан Президенті Касым-Жомарт Токаев бастамашылық еткен дәйекті саяси жаңғыру үдерісінің қисынды жалғасы екені атап өтілді.
Қытай тарапына Конституция жобасының негізгі ережелері ұсынылды. Атап айтқанда, бір палаталы Парламент құру, жоғары консультативтік орган ретінде «Қазақстан Халық Кеңесін» қалыптастыру және Вице-Президент институтын енгізу мәселелері қамтылды. Сонымен қатар Қазақстанның тәуелсіздігі, егемендігі мен аумақтық тұтастығы қағидаттарын конституциялық тұрғыдан бекітуге, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге ерекше назар аударылды.
Цзи Инцю алдағы референдум Қазақстанның саяси дамуындағы маңызды кезең болатынына сенім білдіріп, оның демократиялық институттарды нығайтуға, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және елдің одан әрі прогрессивті дамуына ықпал ететіне сенім білдірді.
Ғылыми қауымдастық өкілдері жүргізіліп жатқан реформалардың жүйелілігіне жоғары баға беріп, олардың заң үстемдігін нығайтуға және институционалдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Конституциялық өзгерістер елдің ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуына берік құқықтық негіз қалыптастыратыны атап өтілді.
Сонымен қатар, Шэньси провинциясының Жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық оқушылар мен ғылыми мамандардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жоғары дәрежеде болуына үнемі назар аударылатындығын айтты. Қазақстан өңірлері мен Шэньси провинциясы арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шараларды бірлесіп өткізуге және әр түрлі сала мамандарының қысқа мерзімді тәжірибе алмасу курстарын ұйымдастыруға қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тұрақты диалогты жалғастыруға өзара мүдделілік танытты.



