Ел тынысы

Білім беру және жұмыспен қамту саласының даму бағыттары талқыланды

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында «Білім беру және жұмыспен қамту» салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиында бизнес өкілдері, білім беру ұйымдары мен сарапшылар 2026 жылға арналған саланың негізгі даму бағыттарын талқылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Салалық кеңестің төрайымы Майра Байдубекова Кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын таныстырып, алдағы кезеңде білім беру және жұмыспен қамту салаларындағы кәсіпкерлікті дамытуға басымдық берілетінін атап өтті. Оның айтуынша, негізгі мақсат – бизнес үшін тұрақты әрі түсінікті орта қалыптастыру. Бұл бағытта мемлекеттік органдармен бірлескен кездесулер өткізу, кәсіпкерлердің өтініштеріне жедел әрекет ету жүйесін дамыту және жұмыс форматтарын күшейту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да күшейтіледі. Кәсіпкерлерге лицензиялау, аттестация, еңбек қатынастары және нормативтік өзгерістер бойынша кеңес беру жұмыстары кеңейтілмек.

Кеңестің сараптамалық қызметі кіші комитеттер арқылы жүзеге асады. Атап айтқанда, мектепке дейінгі білім беру саласы 2027 жылы енгізілуі жоспарланған лицензиялауға дайындық жұмыстарын жүргізеді. Ал мектептік білім беру комитеті нормативтерді жетілдіру, инклюзивті білім беруді дамыту және педагогтердің біліктілігін арттыру мәселелерімен айналысады.

Оқу орталықтары комитеті білім беру ұйымдарының экономикалық мүдделерін қорғау мен әдістемелік қолдаудың цифрлық құралдарын дамытуға назар аудармақ. Сонымен қатар инклюзивті білім беруді дамыту, әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау және жұмыспен қамтуды арттыру бағытында да бірқатар жобалар іске асырылмақ.

Жиын барысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі кадр тапшылығы мәселесі де көтерілді. Осыған байланысты колледждер мен жоғары оқу орындарындағы қаржыландыруды арттыру және оқытушылардың еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері қарастырылды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button