Ел тынысыСаясат

Түркия сарапшылары жаңа Конституция жобасына жоғары баға берді

Анкарада сарапшылар Қазақстандағы конституциялық реформаны талқылады. Давос форматында өткен жиынға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Гаспыралы атындағы Сыртқы саяси зерттеу институтының басшысы профессор Эсма Өздашлы, Ақтеңіз университетінің профессоры Хайри Кесер, Түрік Құқық институты директорының орынбасары, заңгер Бетулай Химоғлу, Ахмет Джевад атындағы түркі әлемі зерттеу институтының басшысы профессор Рухи Ерсой, Анкара Қажы Байрам Вели университетінің профессорлары Жемиле Кынажы Баран, Левент Ерсин Ораллы және Кадир Ертач Челик қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Профессор Р. Ерсой Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттікке сайлануынан кейін Қазақстанда жан-жақты реформалар басталғанын атап өтіп, олардың нәтижесі қазіргі конституциялық реформаға әкелгеніне назар аударды.

Конституциялық құқық сарапшысы профессор Х. Кесер өз сөзінде конституция ұғымының тарихына тоқталып, әртүрлі елдердегі реформалар жөнінде мағлұмат берді. Осы ретте ол Қазақстанның жаңа Конституция жобасының кіріспесінде мемлекеттілік, татулық, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарына ерекше назар аудару арқылы «жаңашылдық» әкелгенін жеткізді.

Б. Химоғлу Конституцияның 84%-ға өзгергенін, адам құқықтары және отбасы құндылықтары жөніндегі баптардың күшейгенін байқағанын айтты.

Л. Е. Ораллы елдің ұлттық құндылықтары – тіл, мәдениет және отбасы мәселелерінің конституциялық тұрғыдан бекітілуі Қазақстанның жаңа бір дәуірге қадам басқанының белгісі екенін білдірді.

Дж. К. Баран, К. Е. Челик және Э. Өздашлы «Жеті Жарғы» секілді тарихи заңдар арқылы қазақ халқының Ата Заңға үлкен мән беретініне назар аударды. Сонымен қатар, жаңа жобада Қазақстан билігінің қоршаған ортаға және адам құқықтарына ерекше мән беруі елдегі демократияның жоғары деңгейінің дәлелі екенін жеткізді.

Жалпы сарапшылар жаңа Конституция жобасына жоғары баға беріп, қазіргі күрделі заманда Қазақстанның жаңа Конституция қабылдауға ұмтылуын өте батыл қадам деп бағалады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button