Ел тынысы

ALEM CUP халықаралық турнирлерінің ауқымды сериясы өтті

Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде көркем гимнастикадан алғаш рет ALEM CUP халықаралық турнирлерінің ауқымды сериясы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жарыстың алғашқы күні «ASTANA CUP» және «ALEM BABY CUP» бәсекесімен ашылды. Бұл жерде 4 жастан бастап 15 жасқа дейінгі спортшылар жас ерекшеліктері бойынша жеке және топтық сайыстарда жүлдені сарапқа салады. Аталмыш турнирде Қазақстанның өңірлерінен бөлек, Ресей, Армения елдері қатысты.

Доданың тағы бір ерекшілігі – көркем гимнасшыларды әділ бағалау мақсатында Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжан елдерінен төрешілер шақырылды.

Айта кетейік, төрт күнге жалғасатын турнирлер сериясы мына тәртіппен өтеді:

1. «FIG ALEM CUP» – 8, 9, 10 наурыз. Жарысқа Қазақстан, Италия, Кипр, Сирия, Канада және Қырғызстан елдерінен 60-тан астам лицензияланған гимнаст қатысады.«FIG ALEM CUP» – Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) ресми лицензиясы бар спортшылар бақ сынайтын халықаралық деңгейдегі турнир.

2. «ALEM CUP» республикалық турнирі – 9 және 10 наурызда өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан Республикасының 200-ден астам гимнасты, спорт шеберлері бағдарлама бойынша қатысады.

3. «ASTANA CUP» және «ALEM BABY CUP» халықаралық турнирлері – 7 және 8 наурыз. Аталған жарыстарға Израиль, Ресей, Канада, Португалия, Армения және Қазақстаннан шамамен 800 гимнаст қатысады. Турнирлер барлық жас санатын қамтиды – ең жас қатысушылардан бастап жоғары разрядтағы спортшыларға дейін, оның ішінде алғашқы жарысына қатысатын гимнастар да бар.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button