
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдумының дайындығы жөнінде кеңес өткізді. Астана қаласының республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты мемлекеттік мекемелерінің басшыларымен, сондай-ақ Астана қаласының аумақтық референдум комиссияларының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
— Референдумға дайындық өз межесіне жетіп қалды. Негізгі шаруалардың барлығы шешілді. Жергілікті атқарушы органдар, әкімдіктер бұл қызметке белсенді қатысып жатыр. Әрбір дауыс беру учаскелерінің материалдық-техникалық қамтылуы тікелей әкімдіктердің құзырында. Осының барлығын аралап көрдік, көзімізді жеткіздік. Айта кетер бір жайт мүгедектігі бар жандарға барлық жағдайды жасау. Олардың дауыс беруге деген қолжетімділігін арттыру болатын, осыған барлық мүмкіндік жасалған, -деді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша Республика бойынша он мыңнан астам сайлау учаскелерінің елу пайызы интернетпен қамтылған. Ал, Астана қаласы жүз пайыз қамтылып отыр. Сонымен қатар басқа да өңірде жүрген жандар үшінде барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ



