Қала мен сала
Веложолдар ұзарады

Астанада веложолдардың ұзындығы жыл өткен сайын ұзара береді. Бұл жөнінде қаланың Урбанистика орталығы мәлімет берді.
Орталықтың мәліметінше, қалада жаңа веложолақтар абаттандыру көшелерді қайта жаңғырту жобаларының құрамында жүйелі негізде іске асып жатыр. Бұл тәсіл аудандарды, саябақтарды және қаланың негізгі бағыттарын өзара байланыстыратын тұтас желіні қалыптастыруға мүмкіндік береді.
2024 жылы қалада 108,8 шақырым веложолақ тіркелген болса, 2025 жылы велоинфрақұрылымның жалпы ұзындығы 152,75 шақырымға жетті. Жалпы, қала құрылысының жоспарында елордада 2035 жылға қарай веложолақ ұзындығы 755,8 шақырым болады деп белгіленген.



