Ел тынысыСаясат

Қала дамуы жобаларын үйлестіру орталығы ұжымына конституциялық реформалар түсіндірілді

Астанада «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдері «Астана қаласының даму жобаларын үйлестіру және сараптау орталығы» ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, еліміздің жаңа Конституция жобасын түсіндірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Кездесу барысында қатысушылар ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары мен олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы пікір алмасты. Спикерлер жаңа Конституция мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды құжат екенін атап өтті.

Іс-шараға Қазақстан Халық партиясы Орталық аппаратының өкілі Дильназ Байдильдина және Астана қаласы мәслихатының депутаты Бауыржан Қасымбергебаев қатысты.

Өз сөзінде Бауыржан Қасымбергебаев жаңа Конституция елдің тұрақты дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
«Конституция – мемлекеттің дамуын айқындайтын негізгі құжат. Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған. Сондықтан қоғамның әрбір мүшесінің бұл процеске белсенді қатысуы өте маңызды», – деді ол.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, ұжым қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, жаңа Конституция жобасына қатысты жан-жақты түсіндірулер алды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button