Ел тынысыСаясат

«Завод ВМП Астана» ұжымындағы талқылау

Астанада «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері «Завод ВМП Астана» ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, еліміздің жаңа Конституция жобасын талқылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Кездесу кәсіпорын аумағында өтіп, оған зауыт қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары мен олардың қоғам мен экономика дамуына ықпалы туралы пікір алмасты. Спикерлер жаңа Конституция азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды құжат екенін атап өтті.

Кездесуге Қазақстан Халық партиясы Орталық аппаратының өкілі Гульдарина Нұрмағанбет, сондай-ақ «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы Астана қалалық филиалы қалалық кеңесінің өкілі Серік Дюсупов қатысты.

Өз сөзінде Серік Дюсупов жаңа Конституция елдің тұрақты дамуына құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті.

«Конституция – мемлекеттің негізгі тірегі. Ұсынылып отырған өзгерістер елдің экономикалық дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған», – деді ол.

Кездесу ашық форматта өтіп, кәсіпорын қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, ұсынылып отырған өзгерістер бойынша жан-жақты түсіндірулер алды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button