Ел тынысыСаясат

Мәдениет және ақпарат министрлігінде жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде жаңа Конституция жобасын түсіндіру жөніндегі жалпыұлттық коалиция мүшелерімен кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында қатысушыларға конституциялық реформаның басты жаңашылдықтары, оның философиясы мен стратегиялық бағдарлары жан-жақты таныстырылды. Атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын айқындауға, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға, мемлекеттің зайырлы сипатын күшейтуге бағытталған нормаларға ерекше назар аударылды.

Жаңартылған Конституция жобасы әділет, мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілік, егемендік, ел аумағының тұтастығы және заң үстемдігі сияқты құндылықтарды бекітетіні атап өтілді. Сонымен қатар, азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғауға, отбасы институтын және дәстүрлі құндылықтарды нығайтуға, қоғамдық қатысу тетіктерін кеңейтуге қатысты жаңа нормаларға басымдық берілді.

Кездесу соңында қатысушылар Ата заңдағы өзгерістерді қолдап, халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызына тоқталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button