Астанада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын талқылауға арналған «Конституциялық өзгерістер: студенттердің, жастардың, волонтерлер мен ҮЕҰ көзқарасы» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараға үкіметтік емес сектор мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Қатысушылар конституцияның негізгі бағыттарын, азаматтық қоғам институттарының рөлін және қоғамдық-саяси, құқықтық өзгерістерге көпшіліктің қатысуын сөз етті.
Мемлекеттік дамуға жастарды тарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Студенттер мен жас көшбасшылар мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты жетілдіру, стратегиялық құжаттарды талқылауға азаматтардың белсенділігін арттырк және заң шығару үдерісінің ашықтығын қадағалау бойынша ұсыныстар айтты.



