Ел тынысыСаясат

Жаңа Конституция жобасы елордалық сауда үйінде талқыланды

Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдумға дайындық аясындағы түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бүгін елордалық «Шанхай — Көк базар» базарында әкімшілік және жалға алушылармен кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесудің спикері ретінде Қазақстан Халық партиясы талдау және халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Құдабай Сұлтанбек сөз сөйледі. Ол ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі ережелеріне, соның ішінде саяси реформалар мен мемлекеттік басқару моделін трансформациялау мәселелеріне жан-жақты тоқталды.

Кездесу барысында қатысушылар жаңартылған саяси модельге көшу, азаматтық қоғамның рөлі, тіл мәселесі және әрбір азаматтың референдумға қатысуының маңыздылығы жөніндегі сұрақтарды талқылады.

Іс-шара форматы қызметкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, жан-жақты жауап алуға мүмкіндік берді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button