Uncategorized

Қарттардың «Қар ұшқыны» сабағы

Астана қаласы Сарыарқа ауданының спорт нұсқаушылары зейнеткерлер арасында спорттың скандинавиялық серуен түрінен «Қар ұшқыны» атты ашық сабақ өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараның мақсаты — зейнеткерлердің менталдық денсаулық деңгейін арттыру және XXV Қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы отандық спортшыларды қолдау. Соның барысында споршы  зейнеткерлер Олимпиада ойындарына қолдау білдіріп, алтын медаль иегері Михаил Шайдоровты құттықтады.

Ынтымақтастықтың белгісі ретінде Олимпиада алауы символикалық түрде жағылды. Қатысушылар қар үстіне қар ұшқынының бейнесін салып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар таза ауада ән айтып, бос уақыттарын салауатты өткізді. Ашық сабаққа жиналған зейнеткерлер ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button