Ел тынысыСаясат

Таллинде алдағы Республикалық референдум талқыланды

Қазақстанның Эстониядағы Елшілігінде болу елінің мемлекеттік органдардың, қоғамдық-саяси, ғылыми-білім беру, іскерлік және сараптамалық топтар өкілдері үшін алдағы республикалық референдумға арналған брифинг өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Алтай Көлгінов қатысушыларды елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етті. Сондай-ақ ол мемлекеттік биліктің теңгерімді әрі есеп беретін моделін қалыптастыратын жаңа Конституция жобасына жеке тоқталды. Жобада бір палаталы Құрылтайға көшу және Құрылтайда заңнамалық бастама құқығы бар азаматтардың өкілді органы ретінде Халық Кеңесінің құқықтық негіздерін бекіту көзделген.

Кездесу барысында Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты нормалар түсіндірілді. Конституциялық жаңашылдықтар елдің халықаралық құқық қағидаттарына адалдығын көрсетеді және дамудың жаңа кезеңіндегі ұлттық басымдықтарды ескереді. Қазақстанның саяси жүйесі «Күшті Президент ­ ықпалды Парламент ­ есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына негізделген.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді басқарудың жаңа жүйесін құру туралы түсініктемелеріне ерекше назар аударылды. Негізгі заңдағы өзгерістер билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлуге, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін нығайтуға, ең бастысы — барлық саяси институттардың тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа Конституция жобасында «мемлекет адам үшін, адам мемлекет үшін емес» қағидаты нақты сипатқа ие болды.

Реформаның бастапқы нүктесі Президент Қ.К. Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі халыққа Жолдауында айтылған бір палаталы Парламентке көшу туралы бастамасы болды.

Қорытындылай келе, қатысушылар Қазақстандағы институционалдық өзгерістерді жоғары бағалап, көптеген тұстардың мемлекеттік басқарудың еуропалық стандарттарына ұқсас екенін атап өтті.

Кездесу соңында қонақтар Қазақстандағы конституциялық трансформация процесінің ашықтығы мен жариялылығына тоқталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button