
Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының орынбасары Азамат Ағзамов елордалық спорт федерацияларының басшыларымен кездесіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен реформалар бойынша жан-жақты пікір алмасты. Жиынға жалпы саны 60-қа жуық жергілікті федерация өкілдері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Кездесу барысында спорт саласындағы құқықтық-нормативтік өзгерістердің федерациялар жұмысына ықпалы, мемлекеттік қолдау шаралары мен спорт инфрақұрылымын дамыту бағыттары талқыланды.

Азамат Ағзамов өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған конституциялық реформаның елдің саяси жаңғыруындағы маңызды кезең екенін атап өтті. Ол жаңа Конституция жобасының қоғам сұранысын ескере отырып әзірленгенін, алдағы жалпыұлттық референдум әрбір азаматқа саналы түрде шешім қабылдауға мүмкіндік беретінін айтты.
Жиын соңында Азамат Ағзамов жаңа Конституция жобасымен танысу және оны түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды ұйымдастыруды тапсырды.



