Ел тынысыСаясат

Елордалық жастар жаңа Конституция жобасын талқылады

Астанада жастар М.Әуезов атындағы кітапханада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін дөңгелек үстел барысында талқылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған іс-шараға «Жаңа адамдардар», «Дала Қырандары», «Жастар» ҒЗО, «Ассамблея жастары», «Есірткісіз болашақ», «Жас Сарбаз», «Жасыл Ел», «Жастар рухы» сияқты жастар ұйымдары және «Ауыл» мен Respublica партиясының жастар қанаты шақырылды. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге басқа да елорданың белсенді жастары қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев іс-шараның маңыздылығына тоқталды.

«Бүгін біз еліміздің болашағына қатысты маңызды тақырып – Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын талқылау үшін бас қосып отырмыз. Осындай маңызды процесте елорданың белсенді жастарының қатысуы ерекше маңызға ие. Жастар, сарапшылар қауымдастығы мен мемлекеттік органдар арасында жаңа конституция жобасын ашық талқылау құқықтық мәдениетті дамытуға, азаматтық жауапкершілікті нығайтуға және мемлекеттік институттарға деген сенімді қалыптастыруға ықпал етеді», — деді ол.

Дөңгелек үстелде Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі, сондай-ақ, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі сөз сөйлеп, жастарға жүргізіліп жатқан реформаның себептері мен маңыздылығын түсіндірді.

«Конституциялық жобаның маңыздылығы зор. Бүгінгі заманға сай келетін жоба. 1995 жылғы Ата Заң өзінің көптеген мақсатын орындады. Қазақстан бүкіл әлемге танымал мемлекет болды. Ол біздің Конституцияның арқасында болды. Ал қазіргі заман өзінің көп талаптарын қойып жатыр. Сондықтан біз мыңдаған жыл жасаған мемлекеттердің дәстүрлерін алуымыз керек. Оны Конституцияда көрсетуіміз керек», – деді ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Абдрасулов.
Дөңгелек үстел барасында белсенді жастар өздерін толғандырған мәселелерге жауап алды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button