UncategorizedЕл тынысыҚұқық

Елордада көпірде болған апаттың мән-жайы айтылды

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Астанада екі адам мерт болған жол апатының мән-жайын айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

— Бұл дерек бойынша іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Жол-көлік апатына күдікті адам аман қалды… Қаза болғандар жол апатына кінәлі емес адамдар. Тергеу жүріп жатқанын ескере отырып, басқа деректерді жариялауға болмайды, — деді И. Лепеха Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордадағы Сарайшық көшесіндегі ірі жол апаты екі адамның өмірін қиғанын жазған едік.

«Toyota» көлігінің жүргізушісі Сарайшық көшесімен Түркістан көшесінен келе жатып, көпір үстінде рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан ол қарсы бетке шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан «Lada» және «Skoda» көліктерімен соқтығысқан.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button