SENAT OPEN турнирінің іріктеу сайыстары өтеді

Елордада Дене шынықтыру және спорт басқармасының және «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-ның Астана қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Senat Open 2026 іріктеу турнирлерінің сериясы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Турнирге шахмат жаттықтырушысы болып жұмыс істемейтін, 2026 жылғы 1 қаңтардағы Эло рейтингі 2000-нан төмен әуесқой шахматшылар қатыса алады.
Бұл – KazChess / Қазақстан шахмат федерациясының Парламент Сенатының қолдауымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып отырған ауқымды республикалық жобасы. Турнир идеясы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың бастамасымен жүзеге асып, KazChess федерациясының президенті Тимур Турловтың қолдауына ие болды.
Senat Open 2026 турнирі жалпы 4 кезеңнен тұрады. Астана қаласында түрлі кәсіби салалар өкілдері арасында 7 іріктеу кезеңі өткізіледі:
• 7 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 – мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялар қызметкерлері арасында;
• 8 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 – ардагерлер арасында;
• 14 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 – ғылым және білім беру саласы қызметкерлері арасында;
• 15 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 – мәдениет және өнер саласы қызметкерлері арасында;
• 21 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 – денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері арасында;
• 22 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 – бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері (БАҚ) арасында;
• 28 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 – күштік және құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында.
Финалдық кезең Астана қаласында 2026 жылдың 29 тамызында өтеді.
Барлық турнир, оның ішінде финал, швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады.
Ойын уақытының бақылауы: 10+5 (әр партияға 10 минут және әр жүріске 5 секунд қосылады, бірінші жүрістен бастап).
Қатысу үшін мына сілтеме арқылы тіркеліп, қосымша мәліметтер алуға болады:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSd16xTO0rTfgq5VUmAHgkdeOCJZb7l6VRdlXGMpEfdYGd75TQ/viewform?pli=1



