Ел тынысы

Адал азамат тәрбиелеу — ортақ міндетіміз

Қызылорда қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайда көтерілген ауқымды мәселелер еліміздің жаңа даму бағытын айқындап берді. Мемлекет басшысы ел дамуының стратегиялық бағыттарын белгілеп, қоғамды толғандырған өзекті мәселелерге тоқталды.

Әділетті Қазақстанды қалыптастыру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, азаматтардың өмір сапасын жақсарту – ел дамуының басты мақсаттары ретінде айқындалды. Сонымен қатар білім мен ғылымның сапасын көтеру, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие, жастардың қауіпсіздігі мен жауапкершілігі стратегиялық басымдықтар қатарында ерекше аталды.

«…Сондай-ақ Абай ілімі біздің ұлттық бірегейлігіміздің, ұлттық болмысымыздың өзегі болуға тиіс. Оның ой-толғамдары қанша заман өтсе де өзекті болып қала береді. Қазіргі «Адал азамат» тұжырымдамасы ұлы ойшылдың «Толық адам» идеясымен тығыз астасып жатыр. Біз Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізуіміз керек», – деген президентіміздің сөзі ел ертеңі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған жалпы педагогтерге да жаңашыл талап қойып отыр. Педагогтер қауымы елін, жерін қадірлейтін, жан-жақты білімді, парасатты адал азаматтарды тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын жақсы сезінеді. Бұның барлығы Әділетті Қазақстан құрудағы батыл қадамдардың жемісі.

Бүгінде еліміздің әр өңірінде бой көтеріп жатқан келешек мектептері –жайлы мектептер осы сөзіміздің нақты дәлелі. Мемлекетіміздің білім беру саласына үлкен қаржы бөліп, қамқорлық танытып жатқаны, Әділетті Қазақстан құру стратегиясы екенін жақсы білеміз.

Жаңа Қазақстанның тірегі ең алдымен Отаншыл азаматтар екені анық. Президентіміздің шынайы Отаншылдық туралы ойлары баршамыздың көңілімізден шықты. Шындығында нағыз патриоттар жалған айқайшылар емес, өз ісін адал атқаратын, білікті мамандар, оның ішінде педагогтер екенін мақтанышпен айтуға болады. Барлық білім беру ұйымдарында Отаншылдық, мемлекеттік рәміздерді қадірлеу туралы жүйелі жұмыстар күн сайын жүзеге асып жатады.

Өмірімізге дендеп еніп жатқан цифрлық жоғары технлогиялардың мүмкіндігін білім беру ісінде нақты сапаға негіздеу құралы ретінде пайдалану маңызды. Цифрландыру дәуірінде ұлттық болмысты сақтау – уақыт талабы. Тарихымыз бен мәдени мұрамызды цифрлық форматқа көшіру, ұлттық цифрлық мұра қорын қалыптастыру – халық жады мен ел болашағына тікелей қатысты маңызды міндет.

Мемлекет басшысы көтерген әрбір бастама білім беру жүйесінің мазмұнына, әдістемелік қолдауға, педагогтердің кәсіби дамуына және білім сапасына тікелей ықпал етеді. Ұлттық деңгейде айқындалған басымдықтар білім беру кеңістігінде нақты іске айналуы тиіс.

Құрылтайда көтерілген әрбір мәселе бойынша, тиісті, жоспарлы жұмыстар жүргізіп, әдістемелік орталық ретінде педагогтерге жүйелі қолдау көрсете отырып, оқу-тәрбие үдерісіне енгізуге, жас ұрпақтың бойына әділеттілік, еңбекқорлық пен жауапкершілік құндылықтарын дарытуға басымдық береміз.

Сындар Дауешова,

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» басшысы

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button