Ел тынысы

«Барыс» бүгін елордада «Нефтехимикпен» кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 15 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 44 мәрте шеберлік байқасты. Оның 23-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 37 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Нефтехимик» 49 ұпаймен 13-орында келеді.

Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан кейін бір ойынын елордада өткізіп, 17 қаңтарда Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) клубымен шеберлік байқасады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button