Қоғам

Сан қумай, сапалы әрі нақты нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізілуі керек

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: Өз сұхбатында “Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді” деді. Бізде ғалым-криминологтар оқулықтар мен монографиялар дайындап үлесімізді қосудамыз.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып қала беретінін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дербес мемлекеттік орган ретіндегі қызметі өз міндетін табысты атқарғанын атап өтті. Ал қабылданған институционалдық өзгерістер жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған. Себебі екі мемлекеттік органның бір функцияны қатар атқаруы нақты нәтижеге емес, керісінше, жүйелі жұмысқа кедергі келтіре бастаған.

Президенттің айтуынша, жаңа форматтағы жұмыс тек қатардағы жемқорлық фактілерін ғана емес, қылмыстық әрекеттің ұйымдастырушылары мен идеологтарын анықтап, жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл сыбайлас жемқорлықпен күресте сапалы әрі нәтижелі жұмыс жүргізуге жол ашады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жемқорлықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылатынын айтты. Түсіндіру және ағарту жұмыстары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құзыретінде қала береді. Президенттің пікірінше, жемқорлыққа мүлдем төзбеу мәдениетін қалыптастыру үшін бұл құндылықты балаларға жастайынан сіңіру қажет. Бұл істе мектептер, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтардың рөлі айрықша.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті сан қуалаудан гөрі, сапалы әрі нақты нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізетінін атап өтті. Мұндай тәсіл мемлекеттік қызметшілердің батыл әрі жауапты шешім қабылдауына мүмкіндік береді.

Есберген Алауханов,

заң ғылымдарының докторы,профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button