Елорда тынысы

Елорданың барлық ауданында жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді

Бүгін, 31 желтоқсан күні Астананың алты ауданында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік жаңа жылдық концерттер өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мерекелік концерттер сағат 12:00-ден бастап «Алматы» ауданының «Жерұйық» саябағында және «Теміржолшылар» тұрғын алабында, «Нұра» ауданының «Жағалау» скверінде және «Үркер» тұрғын алабында, сондай-ақ «Сарайшық» ауданының «Отау» және «Промышленный» тұрғын алаптарында басталды.

Күндізгі жаңа жылдық бағдарлама сағат 14: 00-ден бастап «Байқоңыр» ауданының «Ататүрік» саябағында және «Өндіріс» тұрғын алабында, Есіл ауданының «Бағыстан» тұрғын алабында және «Сарыарқа» ауданының «Қорғалжын» саябағында өтеді.

Концерттік бағдарламалар эстрада жұлдыздары Досымжан Таңатаров, Гүлнұр Оразымбетова, Айгүл Иманбаева, Зарина Омарова, Құрмаш Маханов, «Бәйтерек» триосы және басқа да әртістердің қатысуымен өтеді.

Мерекелік концерт алаңдарында Аяз ата мен Ақшақар өнер көрсетеді. Балалар үшін аниматордың қатысуымен интерактивті ойындар, конкурстар мен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады.

Айта кетейік, сағат 21:00-ден бастап қала тұрғындары мен қонақтарына арналған жаңа жылдық концерттер үш негізгі алаңда, яғни «Қазақ елі» монументінің жанындағы алаңында, EXPO аумағында, сондай-ақ әкімдік алдындағы қалалық алаңда өтеді.

Іс-шараларға отандық эстрада жұлдыздары Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, Қазыбек Құрайыш, Серік Ибрагимов, Жұбаныш Жексенұлы, Ақбота Керімбекова, сондай-ақ «Меломен», «Бәйтерек» топтары және басқа да әртістер қатысады.

Сонымен қатар 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 00:00-де демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік жаңа жылдық отшашу болады. Отшашу екі жерден өтеді: Ботаникалық бақта және «Атырау» көпіріне іргелес аумақта.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button