Шетелдік азаматтарға ЖСН беру уақытша тоқтатылды

«Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» пилоттық жобасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдік азаматтарға ЖСН беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
ЖСН-ға қатысты қосымша ақпарат елшіліктің сайтында жарияланады.
eResidency бағдарламасын — шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға елдің мемлекеттік қызметтері мен қаржылық қызметтеріне толығымен онлайн режимінде қол жеткізуге мүмкіндік беретін пилоттық жобаны енгізгенін атап өтеміз. Тұрғылықты еліне қарамастан кез келген кәмелетке толған адам өтініш бере алады.
EResidency жобасы «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) шеңберінде іске асырылуда және уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен. Бағдарлама елге шетелдік инвестицияларды тартуға, бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтуға, бизнес пен іскерлік белсенділікті дамытуға көмектесуге, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бағдарлама шетелдіктерге Қазақстанда ресми цифрлық мәртебе алуға мүмкіндік береді, ол еліміздің бизнес-мүмкіндіктері мен онлайн-сервистеріне қолжетімділікті ашады.
EResidency мәліметтері бойынша, бұл шетелдіктердің Қазақстанның мемлекеттік органдарымен және қаржы мекемелерімен өзара іс-қимылы үшін бірыңғай кіру нүктесі.
EResidency және QazETA қосымшасы шеңберінде шетелдік азаматтар қашықтықтан биометриялық сәйкестендіруден өтіп, жеке басын растай алады, электрондық визалар ала алады, болуын тіркей алады, көші-қон құжаттарын ресімдей алады және елден келу мен кетуді бақылай алады.
Бағдарлама сонымен қатар мыналарды қарастырады:
* Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)бар цифрлық id-картаны алу;
* Қазақстандық нөмірі бар қор нарықтарына, криптобирждерге, eSIM-ге қол жеткізу;
* Электрондық цифрлық қолтаңбаны және сақтандыру қызметтерін ресімдеу;
* Қазақстандық карталарды пайдалана отырып, онлайн банктік шоттар ашу;
* Барлық төлем қызметтерінің салықтық резиденттігін және эквайрингін алу мүмкіндігі.
Рессми сайт: https://eresidency.gov.kz/



