2026 жылдың басында «Халық бухгалтері» акциясы басталады

2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
ҚР ҚМ жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған «Халық бухгалтері» акциясын іске қосады.
Өткізу мерзімі:
2026 жылғы 5 қаңтар – 30 маусым
Кімдерге арналған:
Жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне
Қандай көмек көрсетіледі:
Келесі мәселелер бойынша түсінікті әрі практикалық кеңестер беріледі:
• бухгалтерлік есеп;
• салықтық есептілік;
• ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу.
Жұмыс форматы:
Негізгі формат — қалалар мен облыс орталықтарындағы мемлекеттік кірістер басқармалары базасында офлайн қабылдау.
Кеңес беру кестесі:
▪️ 2026 жылғы қаңтар–ақпан — аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00–13:00
▪️ 2026 жылғы наурыздан бастап — аптасына 2 рет
Қабылдау орындары мекенжайы мен жұмыс кестесі көрсетілген «Халық бухгалтері» арнайы тақтайшаларымен белгіленеді.
Кеңес берушілер:
• кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар;
• бухгалтерлік қауымдастықтардың өкілдері;
• заңнама нормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері.
География:
• Астана, Алматы және Шымкент қалаларында — жеке кеңес беру алаңдары (мүмкіндікке қарай қаланың барлық аудандарында);
• өңірлерде — аудандық деңгейде, қажет болған жағдайда мамандардың көшпелі қабылдауы ұйымдастырылады.
Қосымша мүмкіндіктер:
• бейнекеңестер мен телефон арқылы байланыс;
• ресми ресурстар арқылы онлайн кеңес беру;
• вебинарлар (онлайн және офлайн);
• есептілік кезеңдерінде тақырыптық кеңес беру сессиялары.
Сонымен қатар, заңнама нормаларын қарапайым тілмен түсіндіретін және ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу бойынша қадамдық нұсқаулықтары бар буклеттер дайындалады, Call-орталыққа арналған материалдар жаңартылып, SalykBot Telegram-арнасы ақпаратпен толықтырылады.
«Халық бухгалтері» акциясы — салық төлеушілермен жұмыс істеуде бақылау моделінен сервистік сүйемелдеуге көшу жолындағы алғашқы қадам.
Алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алуға және консультациялық қолдаудың сапасын арттыруға бағытталған қосымша шаралар іске асырылатын болады.



