Өтіп бара жатқан жыл айтулы жетістіктермен ерекшеленді

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Өтіп бара жатқан жыл қала тіршілігіндегі маңызды оқиғалармен, жүйелі жұмыстармен және айтулы жетістіктермен ерекшеленді. Біз бірлесе отырып, Астананы өмір үруге қолайлы, заманауи әрі әрбір азаматқа жайлы қалаға айналдыру жолында еңбектеніп келеміз. Қаланың дамуына белсенді араласып, бастамашылдық білдірген, сол сияқты елорда тағдырына жанашырлық танытқан астаналықтарға ризашылығымды білдіремін.
2026 жыл – жаңа мүмкіндіктер мен жаңа мақсаттар жылы. Біз инфрақұрылымды одан әрі жетілдіріп, әлеуметтік саланы дамытуға, кәсіпкерлік пен жастардың бастамаларын қолдауға назар аударамыз. Әрбір тұрғын Астанада өзін сенімді әрі қауіпсіз сезінуі үшін жүйелі жұмысты әрі қарай да жалғастырамыз.
Жаңа жыл әрбір шаңыраққа қуаныш, береке мен татулық әкелсін! Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық және армандарыңыздың орындалуын тілеймін!
Жеңіс ҚАСЫМБЕК,
Астана қаласының әкімі



