Құқық

Түндегі тыныштық сақтау талаптарының орындалуы күшейтілді

Астана полициясы түнгі уақытта тыныштық сақтау талаптарының орындалуын күшейтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жыл басынан бері елордалық полицияға түнгі уақытта азаматтардың тыныштығы мен тынығуын бұзу фактілері бойынша 45 мыңнан астам өтініш түсті. Бұл деректер аталған мәселенің әлі де өзекті екенін және қала тұрғындарының орынды алаңдаушылығын тудыратынын көрсетеді.

Оқиғалардың бірінде түнгі уақытта пәтерден шыққан қатты шудың жақын маңдағы тұрғындарға қолайсыздық келтіргені туралы хабарлама тіркелді. Оқиға орнына жедел түрде полиция жасағы жіберілді. Тексеру нәтижесі бойынша тыныштық бұзу фактісімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Астана қаласы полициясы түнгі уақытта қатты музыка қою, айқайлау, шу шығаратын техниканы пайдалану және өзге де жоғары деңгейдегі дыбыс көздерінен туындайтын әрекеттерге тыйым салынатынын еске салады.

Қала тұрғындары мен бизнес өкілдерін белгіленген талаптарды сақтауға және айналадағы адамдардың тынығу құқығына құрметпен қарауға шақырамыз. Барлық құқық бұзушылық фактілері полицияның бақылауында, тиісті тәртіппен әрекет етіледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button