Мәслихат

Маңызды мәселелер қаралды

Кеше Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессия­сында елорданың дамуына және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қатысты.

Сессия барысында бірқатар басқармалардың басшылары баян­дамалар жасады. Соның ішінде тұрғылықты және уақытша тұру орны бойынша тіркеу нормативтері бекітілді.

«Бұл халықты есепке алуды жүйелеуге және қалалық инфрақұрылымды нақты жүктемені ескере отырып жоспарлауға мүмкіндік береді» дейді қалалық мәслихат төрағасы Табиғат Зейнұлқабден.

Сондай-ақ 938 орындық студенттік жатақхана салу жөніндегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасының іске асырылуы талқыланды. Бұл нысанды келесі жылдың басында пайдалануға беру жоспарланған.

Жиында қала құрылысын дамыту, мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерін алып қою және елорда тұрғындарының жекелеген санаттарына амбулаториялық ем алу кезінде тегін медициналық көмек көрсету мәселелері талқыланды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button