Қала мен сала

Қыс басталғалы елордадан 1 млн текше метрден астам қар шығарылды

Елордада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Қар тәулік бойы тазаланып, қаладан сыртқа шығарылып жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Өткен түнде қаладан қар полигондарына 2 719 ауыр жүк көлігінің рейсімен 38 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

25 желтоқсан күні таңнан бастап қар күреу жұмысына шамамен үш мыңға жуық жол жұмысшысы мен 1 566 арнайы техника тартылды.

Жалпы қыс маусымы басталғалы бері қаладан қар полигондарына 84 190 жүк көлігі рейсімен 1 094 579 текше метрден астам қар шығарылды.

Алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа аумақтарда – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда тазалау жұмысы жүргізіледі.

Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себіліп жатыр.

Сонымен қатар, аула аумақтарындағы тазалықты қамтамасыз ету ПИК пен МИБ-тің міндеті екенін атап өткен жөн. Олар тұрғындардың қолайлылығы мен қауіпсіздігі үшін аулаларды қар мен көктайғақтан уақытылы тазалауы тиіс.

Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша мұқият болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында алыс жолға шықпауға шақырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button