Әлеумет

Цифрландыру мәселелері талқыланды

Астанада «Спорт саласын цифрландыру: мониторинг, талдау, e-порталдар және аудит ұсынымдарын орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы жүргізген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысына арналды.

Дөңгелек үстел отырысына Астана қаласы мәслихатының депутаттары, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығы, Жоғары аудиторлық палата, Туризм және спорт министрлігінің салалық комитет өкілдері, сондай-ақ ревизия­лық комиссия қызметкерлері қатыс­ты.

Отырыста Тексеру комиссиясының төрағасы Иманжүсіп Ақпомбаев елімізде және елордада спортты дамыту ұлт денсаулығы үшін аса маңыз­ды екенін атап өтті. Ол мемлекет 2029 жылға қарай халықтың кемінде 50 пайызын жүйелі түрде спортпен шұғылдануға тарту мақсатына цифрландыруды енгізіп, инфрақұрылымды дамытуға ден қойылып, спортты барлық жас санаттары үшін қолжетімді етуге бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Іс-шара барысында спорт саласындағы цифрландырудың мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы, бюджеттік қаражаттың ашықтығын қамтамасыз етудегі және аудит ұсынымдарын орындаудағы маңызы атап өтілді. Соңғы екі жылда 30,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты аудитпен қамтылып, 17,2 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталғаны айтылды.

Қатысушылар қаржыландыруды жоспарлау, спортшылар мен жаттықтырушыларды бірыңғай есепке алу, спорт түрлерін басымдық бойынша айқындау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді енгізу мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, «Дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы» (e-Sport) ақпараттық жүйесін енгізу арқылы саланы басқарудың заманауи тетіктеріне көшу қажеттігіне назар аударылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша спорт саласын одан әрі дамытуда цифрлық басқару құралдарын кеңінен қолдану, анықталған жүйе­лік кемшіліктердің қайталануына жол бермеу және аудит ұсынымдарын сапалы орындау маңызды екені атап өтілді.

Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button