Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерінде тұрақты оң динамика бар

Қазақстанда жалпы және нәресте өлімінің төмендеуін, сондай-ақ күтілетін өмір сүру ұзақтығының өсуін қоса алғанда, халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің тұрақты оң динамикасы тіркелді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бұл нәтижелер денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруды көрсетеді.
Биылғы 10 ай қорытындысы бойынша халықтың жалпы өлімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға, нәресте өлімі 18,7%-ға төмендеді.
Дүниежүзілік Банктің деректері бойынша Қазақстан осы көрсеткіш бойынша Орталық Азия елдерінің арасында көшбасшы болып, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 75,4 жас деңгейіне жетті.
Сонымен қатар, БҰҰ-ның Адами даму индексі бойынша 2025 жылғы Даму Бағдарламасының есебіне сәйкес өткен жылмен салыстырғанда өз позициясын 7 тармаққа жақсарта отырып, Қазақстан 193 елдің ішінде 60-шы орынға ие болды.



