Қала мен сала

Кіші Талдыкөлдегі экопарк 2026 жылы салынады

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Кіші Талдыкөлдегі экопарк құрылысының не себепті биылғы көктемде басталмағанын түсіндірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Әкімнің қалада көгалдандыру бойынша көптеген жобалар жүзеге асып жатқанын атап өтті. Олардың қатарында «Грин Лайн», Триатлон паркінен Ататүрік бағытына қарай жағалау, Үркер, Пригородный, Көктал және басқа да аумақтар бар.

— Алайда былтыр көгалдандыру мен абаттандыруға қарастырылған бюджет жеткіліксіз болды. Біз есеп жүргізіп, нақты Нұра ауданындағы тұрғындардың пікірін ескере отырып, ең алдымен «Грин Лайн» жобасын аяқтау қажет деген шешімге келдік. Хан Шатырдан Ш. Айтматов көшесіне дейінгі бұл жоба өте ұзақ уақыт бұрын уәде етілген еді. Ол келесі жылы толық аяқталады. Ал Талдыкөлдегі экопарк бойынша негізгі жұмыстар келесі жылға жоспарланып отыр. Келесі жылы оның негізгі бөлігін барынша аяқтауға тырысамыз. Дегенмен, кейбір жұмыстар 2027 жылға қалуы мүмкін, — деді Жеңіс Қасымбек.

Ал бұрынғы көл аумағын ішінара топырақпен көміп тастаған құрылыс салушыларға қатысты әкім су аймағы шегінде ешқандай құрылыс жүргізуге рұқсат берілмегенін айтты.

— Қорғалатын су аймақтарының шекарасын айқындайтын сот шешімі бар. Бұл аумақтарда құрылыс салуға тыйым салынған. Қазіргі жұмыстар Талдыкөлдің жағдайы ескеріле отырып, су қорғау аймағынан шығарылған жер телімдерінде жүріп жатыр, — деп атап өтті қала басшысы.

Сонымен бірге, Жеңіс Қасымбек 2023 жылы сот шешімімен су қорғау аймақтары мен сақталуы қажет учаскелер айқындалғанын айтты. Бұл Кіші Талдыкөлдің бесінші және жетінші учаскелері, олардың бірінде болашақ экопарк салынады.

— Сондай-ақ белсенділер тоғызыншы учаскені сақтау үшін сот тәртібімен күресті жалғастырып жатыр. Сот белгілеген аумақтың барлығы толық көлемде сақталады. Ал Үлкен Талдыкөл бойынша жұмыстар екі жылдан бері жүргізіліп келеді. Біз ондағы су көлемін 2,5-3 есеге арттырдық. Бұл жұмысты жалғастырамыз, — дейді Ж. Қасымбек.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button