Ел тынысы
Қазақстанда биыл 173 индустриялық жоба жүзеге асырылды

Қазақстанда биыл жалпы сомасы 1,3 трлн теңге болатын 173 индустриялық жоба жүзеге асырылды, бұл шамамен 22 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Үкіметтің жыл қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында Президенттің сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі ведомство жұмысының қорытындысы туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков баяндады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Барлығы бір жылға 190 жоба жоспарланған, олардың көпшілігі пайдалануға берілді.
«Маңызды жобалардың қатарында KIA, Chery, Changan, Haval және Tank брендтерінің автомобильдерін өндіру, алюминий қаптамасын, тұрмыстық техниканы және болат құбырларды шығару бар. Бұл еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтетін нақты кәсіпорындар», — деп атап өтті вице-министр.



