Денсаулық

Астанада жоғары технологиялық Эндоскопиялық орталық ашылды

Астанада Көпсалалы медициналық орталығында онкология ауруларын ерте анықтауға арналған жоғары технологиялық Эндоскопиялық орталықтың ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады astana-akshamy.kz.
2010 жылдан бастап қызмет көрсетіп келе жатқан Эндоскопия бөлімшесіне жаңадан процедуралық кабинеттер мен құрал-жабдықтар қосылып, орталық болып қайта құрылып, қолданысқа беріліп отыр.
«Эндоскопиялық орталық күрделі жөндеуден өтіп, жаңа құрал-жабдықтар сатып алынғаннан кейін қайта ашылып отыр. Осының бәрі науқастарымыз мен дәрігерлеріміздің игілігіне жарасын», – деді Көпсалалы медицина орталығының директоры Мұхтар Төлеутаев. 
Ал эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі Алексей Зеленый бірнеше айға созылған күрделі жөндеуден кейін бөлімше кеңейіп қалғанын айтады.
«Жалпы Эндоскопиялық бөлімше 2010 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Мен 15 жылдан бері осы жерде дәрігерлік қызметімді атқарып келе жатырмын. Қазір бөлімше күрделі жөндеуден өтіп, эндоскопиялық құрал-жабдықтармен толықтырылып, үлкен орталық ретінде ашылып отыр. Бізге – дәрігерлерге жұмыс істеуге жайлы жағдай жасалып отыр.
Эндоскоптар, әсіресе, қатерлі ісік ауруларын ерте анықтауға көмектеседі, қажет болған жағдайда ота да жасаймыз. Біз күн сайын көмей, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, 12 елі ішек, тоқ ішек, мұрынды диагностикадан өткіземіз», — деді бөлімше меңгерушісі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button