Құқық

Дөңгелек ­ауыстырдыңыз ба?

Қыстың басталуына байланысты елорда полицейлері жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырып, көлік жүргізу жағдайы техникалық талаптарға сай келмеген болса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын ескертті.

Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, белгіленген кезеңде қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарды маусымдық міндетті қолдану талабы күшіне енді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес қысқы уақытта жазғы дөңгелектермен көлік жүргізгені үшін жүргізушілерге 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, ал жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл көзделген.

Елорда полициясы қыс­та көлікті қысқы шиналарсыз пайдалану тек құқық бұзу ғана емес, сонымен қатар жолда ауыр зардап­қа әкелуі мүмкін қауіп-­қатер туғызатынын ескертеді. Құқық қорғау органдары жылдамдық режимін қатаң сақтау, көліктер арасындағы қашықтықты ұлғайту, оқыс маневрлер мен кенет теже­луден бас тарту қажеттігін еске салады. Әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдері мен жол ­айырықтарына жақындағанда жылдамдықты алдын ала төмендету маңызды. Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қысқы кезеңде барынша мұқият болуға, өзі мен өзгенің өмірін қауіп-қатерге тікпейтін сабырлы, сақ қалпын сақтауға шақырады.

Райхан РАХМЕТОВА

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button