Қоғам

«Мен кәсіпкермін» республикалық байқауында үздік деп танылды

«Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында он бағыт бойынша ұйымдастырылған «Мен кәсіпкермін» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Астаналық студенттердің жобалары байқауда үздік деп танылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Байқауға Қазақстанның барлық өңірінен келген колледж студенттері қатысып, тың бизнес-идеяларын ұсынып, кәсіби шеберліктерін көрсетіп бақ сынады. «Мен – кәсіпкер» турнирі жастардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамытуға, өз идеяларын қорғауға, салалық сарапшылармен байланыс орнатуға және тәжірибе алмасуға арналған маңызды платформаға айналды.
Қатысушылардың көбісі үшін бұл байқау нақты кәсіпкерлікке жасалған алғашқы сенімді қадам болды.
Байқау қорытындысы бойынша Астана қаласының колледж студенттері жүлделі орындарға ие болып, өздерінің кәсіби деңгейі мен көшбасшылық қасиеттерін жоғары деңгейде дәлелдеді.
Жеңімпаздар тізімі:
І-орын – «Өндіріс, технологиялар, ауыл шаруашылығы» бағыты бойынша «Astana IT University» колледжінің студенті Жасұлан Серікбек; жетекшісі – Арай Талдаубек;
ІІ-орын – «Білім, ақпарат және цифрлық технологиялар» бағыты бойынша «Astana IT University» колледжінің студенттері Әнел Самархан, Ағыбай Ғибатоллаев; жетекшісі – Қанат Бегарыс;
ІІІ-орын – «Сауда» бағыты бойынша ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжінің студенті Калиев Алан; жетекшісі – Сембина Майра Тұрсынханқызы;
ІІІ-орын – «Қонақ үй ісі және тамақтануды ұйымдастыру» бағыты бойынша Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студенті Динара Жаманбаева; жетекшісі – Жұлдыз Разбекова;
ІІІ-орын – «Туризм» бағыты бойынша Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық Жоғары колледжінің студенттері – Нұрәсем Сайлау, Ерасыл Амантай, Аяулым Мұхтар; жетекшісі – Анар Бәкірбекова.
Байқауға ұсынылған жұмыстар өздерінің практикалық маңыздылығымен, инновациялық шешімдерімен және нарықта іске асыруға лайық нақты әлеуетімен ерекшеленді. Елорда студенттерінің бұл жетістігі жастардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығының, жауапкершілігі мен шығармашылық қабілетінің артқанын көрсетеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button