Құқық

«Заң және тәртіп» алып туы жайылды

Астанадағы Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Maqsut Narikbayev University студенттерін салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. Іс-шараға бес мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кештің қызған шағында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында тұрақтылық, құқықтық тәртіп пен мемлекеттік институттарға деген сенімді білдіретін, ауданы 300 шаршы метр болатын алып ту жайылды. Сондай-ақ алаңда ауданы 800 шаршы метрге жететін Қазақстанның туы да қатар жайылды. Ол рәсімнің басты патриоттық нышанына айналды.

Биылғы салтанат «Arman iesi. Think. Create. Lead» тақырыбымен өтті. Бұл – құбылмалы заманда жастардың көшбасшылыққа, жаңашылдыққа, батыл және жауапты ойлауға деген ұмтылысын бейнелейді.

Бағдарлама аясында қатысушылар іс-шара идеясына сай армандай білу, өз мақсатын жүзеге асыру және ойды нақты іске айналдыру тақырыбында әлеуметтік жобалар мен театрландырылған қойылымдарын ұсынды.

#законипорядок #заңжәнетәртіп

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button